Шетел жаттықтырушысы Қазақстаннан кеткісі келеді (ВИДЕО)
Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды
Беларусьтан Шымкенттің «Ордабасы» клубына бас жаттықтырушы болып тағайындалған Александр Седнев командадан кеткісі келетінін айтты. Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Бас жаттықтырушы Александр Седнев «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына командадан кеткісі келетінін айтты. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды, – делінген хабарламада.
«Ордабасы» былтыр Қазақстан чемпионатын жеңіп алған еді. Ал биылғы маусымда тиісті нәтиже көрметпей келеді. Команда премьер-лиганың 5 турында қарсыластарын екі рет жеңіп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңілген. Клуб Алматының «Қайрат» жасағынан ғана жеңілді.