«Қазақстан халқына» қоры СҚО-да 100 үй салады

Дәурен Ерболат

Баспана су басу қаупі жоқ жерде салынады

Фото: Мейірбек Тажқұранов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Басты міндет – дайын инженерлік инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар «Солнечный-2» шағын ауданындағы құрылыс жұмысының барлық көлемін құжаттамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, қажет процедураларды қысқа мерзімде жүргізу.

Су басқан аймақтарда жергілікті атқарушы органдар келтірілген залалды бағалауды және құрылысқа қажет қорытындыны дайындауды, оның ішінде болашақта су басу қаупі жоқ жерлерде жаңа үйлер үшін жер телімдерін бөлуді қамтамасыз етеді.