Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

 Динара Амантай 24.04.2024 | 17:20
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды
Фото: Depositphotos

Алматы облысының Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А. Байғалиев пен осы соттың приставы К. Райымбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткеніне 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Райымбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, – делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама