×

Елде су мәселелерін зерттейтін жаңа орталық ашылады

Қазір су тапшылығы мәселесі өзекті

 Дәурен Ерболат 02.06.2022 | 14:30
Фото: news.tpu.ru

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қазақстанда су мәселелерін зерттейтін жаңа орталық ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, Үкімет су ресурстарын басқару үшін ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

«Біріншіден, трансшекаралық су ағындарын пайдалану бойынша көрші елдермен мемлекетаралық су қатынастарын құру кезінде халықаралық су құқығы қағидаттарын барынша іске қосу керек. Екіншіден, суға сұраныстың өсіп, оның көлемі азайып жатқан кезде бұл тапшылықты тоқтату үшін күш-жігерді алдымен су ресурсының әлеуетін сақтауға, оны басқарудың практикасын жақсартуға, халықты экономика салаларын сумен теңгерімді қамтамасыз етуге бағыттау қажет», - деді министрдің орынбасары ECOJER ІІ халықаралық экологиялық конгресінде.

Серік Қожаниязов су қорын қорғауда бақылау әлсірегенін, сондықтан су ресурстарын қорғау, бақылау және пайдалануда бассейндік инспекцияның қызметін күшейту керегін атап өтті.

Бұл мәселелердің шешімін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында су ресурстары мен су шаруашылығы проблемалары жөніндегі салалық ғылыми-зерттеу талдау орталығын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ су ресурстары комитеті мен бассейндік инспекциясын нығайтқан жөн, әрі комитет құрамында су ресурстарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімше құрылуы керек, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама