Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан

 Динара Амантай 24.04.2024 | 12:03
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында 2 балдық жер сілкінісі тірелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 19 мин 45 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): ШҚО Зайсан ауданының Тасбастау ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама