×

Түркістаннан Самарқандқа тұрақты түрде ұшақ қатынайды

Тікелей әуе рейсі аптасына екі рет жасалады

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2024 | 11:55
Фото: flyqazaq.com

Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан қаласынан Өзбекстанның Самарқанд қаласына тұрақты қатынайтын ұшақтар бөліп отыр. Тікелей әуе рейсі аптасына екі рет жасалады, деп хабарлады flyqazaq.com.

Әуе билеттерін www.flyqazaq.com сайтынан алдын ала брондап және сатып алуға болады. Билеттің бағасы бір бағытқа 30 мың теңгеден басталады.

Сондай-ақ Қазақстанның әуе компаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді жасайды.

Самарқанд – әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Халық саны мен аумағы, өнеркәсіптік маңызы бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала. Бұл қаланың тарихы 2 750 жылдан асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама