Halyq Uni логотип
×

Ұлыбритания елдің қорғаныс өнеркәсібінің соғыс режиміне көшкенін жариялады

Алдағы 6 жылда армияны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2024 | 11:38
Ұлыбритания елдің қорғаныс өнеркәсібінің соғыс режиміне көшкенін жариялады
Фото: noi.md

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің әскери-өнеркәсіптік кешені соғыс режиміне көшеді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Польшаға іс-сапарында айтты.

Біз Ұлыбританияның қорғаныс өнеркәсібін соғыс режиміне келтіреміз, – деді ол брифингте.

Оның айтуынша, алдағы 6 жылда Ұлыбритания өзінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосымша қаражат бөледі. Сондай-ақ Украинаға қорғаныс саласына көмек көрсету үшін қаржылық шығындарды арттырады.

Біз қорғаныс шығындарын 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызына дейін арттырамыз. Ұлыбритания қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең қауіпті кезеңге аяқ басқандықтан, тоқмейілсуге болмайды. Жауларымыз жақындаған сайын біз өз мүдделеріміз бен құндылықтарымызды қорғау үшін көбірек әрекет етуіміз керек. Біз қазіргі жағдайды таңдаған жоқпыз. Бірақ оған жауап беруіміз керек, – деді Сунак.

Ұлыбритания Украинаға қосымша 618 миллион доллар беріп, 400 техника, 400 миллион оқ-дәрі мен Storm Shadow әуе қорғаныс жүйесін жіберетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама