Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Динара Амантай

Залал сомасы шамамен 10 млн теңге болды

Фото: Halyq Uni

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушылардың жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен азаматтардан ақша тарту мақсатында Eolus қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, energyeolus.info платформасына аударылған. Залал сомасы шамамен 10 млн теңге болды.

Сот үкімімен екі азамат кіінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге тұрғындардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.