×

Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады – ҚазАвтоЖол

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін жүргізушілер өтінім беруі қажет

 Динара Амантай 24.04.2024 | 10:26
Фото: caspianlife.kz

Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көлік министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын хабарлайды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама