2026 жылы нысанның құрылысы аяқталады
Бішкекте Азиядағы ең үлкен стадион салынады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Орталық Азиядағы ең ірі, бірегей футбол стадионының құрылысы басталды. Құдай қаласа, 2 жылдан кейін біз нысанның ашылу рәсімін өткіземіз, - деп жазды Садыр Жапаров Facebook-тегі парақшасында.
Президенттің айтуынша, сәулет бөлімінде 22 маман (12 түркиялық, 10 қырғызстандық) жұмыс істейді.
Бұл 45 мың көрермен сыятын Орталық Азиядағы ең ірі стадион болады. Стадион дизайнының негізі ретінде қырғыз мәдениетінің маңызды бөлігі – киіз үй феномені алынды. Жобалау әдісінің ерекшелігі – нысан формасының бірегейлігінде, - деді мемлекет басшысы.
Нысанда 3 600 көлікті қоюға болатын Орталық Азиядағы ең үлкен жабық автотұрақ болады. Нысан тек стадион рөлін атқармайды. Онда ауданы 35 мың м2 болатын сауда орталығы мен спорт дүкендері болады.