×

ҚХА төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Бұрынғы орынбасарлар лауазымынан босатылды

 Дәурен Ерболат 24.04.2024 | 09:16
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне Лугмар Буларов пен Юрий Шин тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама