Жолдың ұзындығы – 463 шақырым
4 облыстағы республикалық маңызы бар 8 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
24 сәуір, сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО және Қостанай) 4 автожолда (жалпы ұзындығы – 4 300 метр) су тасқыны болды.
4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автожолда (ұзындығы – 463 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.