×

Алматы облысында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды

Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді

 Халық үні 23.04.2024 | 23:56
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында үйлену тойы кезінде ер адам автоматтан оқ жаудырған.

Әлеуметтік желіге шыққан видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады.

Жазбада оқиғаның Қаскелең қаласында болғаны жазылған.  

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиға 2022 жылдың жазында Қарасай ауданы мейрамханасының аумағында болған.

Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан, — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Еске салсақ, биыл қыста Алматыдағы көкөніс дүкеніне кірген ер адам қарудан оқ атқан болатын.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама