Такси қызметінен 2 млрд теңге табыс түскен
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер арасында ең қымбат такси Қазақстанда екені анықталды, деп хабарлады Ranking.kz.
Биыл елімізде такси қызметінің құны 1 шақырымға 0,67 доллар (297,10 теңге, 1 доллар – 443,43 теңге) болды.
Биыл бірінші тоқсаның қорытындысы бойынша Қазақстанда такси қызметтерін 13,9 млн жолаушы пайдаланған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 4,9% аз.
Көбіне такси қызметін Алматы (2,5 млн адам), Астана (1,5 млн адам) және Қарағанды облысының (1,1 млн адам) тұрғындары пайдаланады. Такси қызметін Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарының тұрғындары өте аз пайдаланады.
Елімізде такси қызметінен түскен табыс 2 млрд теңгеге жеткен.