Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір Қазақстан қоржынында Ойындардың 47 лицензиясы бар

Фото: Туризм және спорт министрлігігің Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін стенд атудан Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа 4 адамда жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан, отандасымыз бен тағы бір шетел мергені лицензияға ие болды.

Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Былтыр ол Бакудағы әлем чемпионатында аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанды.

Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиялық ойындардың 47 лицензиясы бар.