Шымкентте талаптарды бұзған 36 мыңнан астам азамат анықталды
Былтыр өңір әкімдіктері тұрғын үй кезегінде тұрғандар тізімін түгендеу жұмыстарын бастады. Өтініш берушілердің тұрғын үй бағдарламасына қатысуы үшін көзделген талаптарға сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақмола облысында талаптарды бұзған 16 мыңға жуық, Шымкентте 36 мыңнан астам азамат анықталды. Бұл ретте кезекте тұрғандардың ішінде талаптарды бұзғандардың оннан аспайтын бөлігі алынып тасталды.
Олжас Бектенов жосықсыз өтініш берушілермен күресуді және тексеру қорытындысы бойынша құқықбұзушыларды тізімдерден шығаруды тапсырды.
Барлық әкімдіктер осы тізімдерді қайта қарап, жұмысты І жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауы қажет. Бәрі белгіленген ережеге сай болуға тиіс. Кезекке қабылдауды ашық әрі бәріне түсінікті етіп жасау керек. Сондай-ақ тізімге енгізілген адамдарға нақты мониторинг жүргізілуге тиіс, – деді Олжас Бектенов.