Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.
Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қарым-қатынас пен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Сонымен қатар мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.