×

2030 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр

Соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған

 Динара Амантай 23.04.2024 | 11:54
көрнекі фото: Halyq Uni

2030 жылға қарай қаржыландырудың барлық көзі есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысының көлемі 15,5 шаршы метрден 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 339 млрд теңгеге 22 мыңнан астам арендалық пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, әкімдіктер 110 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мың кредиттік пәтер салады.

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, барлық қаржыландыру көзі есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама