Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейі көтеріледі
23 сәуірде кей өңірде нөсер жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
23 сәуірде кей өңірде нөсер жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстары
23-26 сәуір аралығында орта таулы аймақта қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты Абай (Көкпекті ауданы) және Шығыс Қазақстан облысында беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың суы кобеюі мүмкін.
Тас жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін.
Алматы облысы
23-26 сәуір аралығында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
2024 жылдың 23 мен 26 сәуір аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Қостанай облысы
23 сәуірде таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
23 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ұлытау облысы
23 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысы
23 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
23 сәуірде түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
23 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысы
23 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
23 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
23 сәуірде Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.