Нүкенованың ағасы соттағы видеоны көріп, көз жасын тыя алмады

Халық үні

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп, көз жасын тоқтата алмады

Фото: Halyq Uni

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың оқиға болған түні Нүкенованы түсірген видеоларын көрді.

Видеода экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновадан бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрап, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін, «бұл – монтаж» екенін айтты.

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп, көз жасын тоқтата алмады. Адвокат Жанна Оразбахова да телефондағы видеоларды көргенде шошып, бетін басып отырды.

Айтбек Амангелді судьядан Бишімбаевтың телефонындағы зорлық-зомбылық көріністерін көпшілікке көрсетпеуді сұрады.