Нүкенованың ағасы соттағы видеоны көріп, көз жасын тыя алмады
Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп, көз жасын тоқтата алмады
Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың оқиға болған түні Нүкенованы түсірген видеоларын көрді.
Видеода экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновадан бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрап, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін, «бұл – монтаж» екенін айтты.
Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп, көз жасын тоқтата алмады. Адвокат Жанна Оразбахова да телефондағы видеоларды көргенде шошып, бетін басып отырды.
Айтбек Амангелді судьядан Бишімбаевтың телефонындағы зорлық-зомбылық көріністерін көпшілікке көрсетпеуді сұрады.