Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпарат берілді

Еліміз бойынша 24 496 адам өз үйлеріне оралды

 Дастан Жұмабекұлы 22.04.2024 | 17:10
Су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпарат берілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпарат берілді.

Еліміз бойынша 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттеріне орналасты.

11,5 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 5,3 млн қапшық пен 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді. 4 608 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер мен тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде. Сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн-нан астам қапшық пен 22 мың тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында бір аптада Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қазір үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзенінде су деңгейінің азайып жатқаны байқалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама