«Әділдік жолы» заңгерлері су тасқынынан зардап шеккен 1,3 мыңға жуық адамға құқықтық кеңес берді
Республикалық қоғамдық бірлестік жедел желі ашты
Су тасқынынан зардап шеккен 1 300-ге жуық қазақстандық «Әділдік жолынан» заңгерлік кеңес алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі жедел желі ашты. Оған су тасқынынан зардап шеккен еліміздің тұрғындары өздерін толғандырған мәселемен жүгіне алады.
Қазақстан өңірлерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен оның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, су басқан елді мекендердің тұрғындарына консультациялық көмек көрсетіліп келеді. Айталық, «Әділдік жолы» бірлестігі іске қосқан жедел желі арқылы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының 1 300-ге жуық тұрғыны тегін заңгерлік кеңес алды.
Зардап шеккен облыстардың тұрғындары су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге, өтініштер беруге, қажетті құжаттар тізбесіне және дәл не өтелуге жататынына қатысты кеңес алды.
Еске сала кетсек, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі бұған дейін Қазақстанның барлық облысында су тасқыны мәселелері бойынша жедел желі ұйымдастырған болатын. Тұрғындар осы желі арқылы тегін заң көмегін ала алады. Сондай-ақ «Әділдік жолының» колл-орталығына 1463 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алу үшін өтінім қалдыруға болады.
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мына нөмірлерге хабарласа алады: