Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Қостанай қаласында сағат 13:31-де ұйым аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен қажетті техника жұмылдырылған.
Өрт сөндірушілердің күшімен жалын сағат 14:31-де оқшауланды.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 1500 шаршы метр