×

Түркістан облысының тұрғыны танысының көлігінен ақша ұрлаған

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 22.04.2024 | 11:46
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғыны танысының көлігінен ақша ұрлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті әйел арызданушының танысы болып шықты. Ол қонақта отырып, аулада тұрған Volkswagen golf автокөлігін байқаған. Содан ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып, автокөліктің ішінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап алған.

Қазір күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама