×

Олимпиадаға академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті

Лицензияны Владислав Яковлев алып берді

 Дастан Жұмабекұлы 22.04.2024 | 11:25
Фото: kazsports.kz

Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.

Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құраманың спортшысы 2 мың метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды.

Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 46-ға жетті.

Кеше Олимпиадаға жолдаманы күрес түрлерінен Бішкек қаласында өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде 3 балуанымыз жеңіп алған болатын. 

Айдос Сұлтанғали (66 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) пен аса ауыр салмақтағы ұлттық құраманың балуаны Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама