×

Ақтөбеде бірнеше салық қызметкері жазаланды

Олар 200-ден аса кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартқан

 Динара Амантай 22.04.2024 | 10:32
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақтөбе облысының прокуратурасы 200-ден астам кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуынсыз ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша («Мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін ұсынбау») 45 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал ӘҚБтК-ге сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның қатысуымен қаралады.

Тағы бір мысал, Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 178 кәсіпкерге ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша («Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу») жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталғаннан кейін заңсыз айыппұл салған.

Прокуратура 223 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулылардың күшін жойып, кәсіпкерлердің құқығын қорғады.

Ақтөбе қаласы, Хромтау және Мұғалжар аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама