Бүгін ауа райы қандай болады?
Еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронт ықпалында болады
Дәурен Ерболат
22.04.2024 | 09:05
Синоптиктер 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл тұрады.
Қазақстанның солтүстік-батысында, қиыр солтүстігінде және орталығында ғана жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.