×

5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қазір республикалық жолдарға 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған

 Динара Амантай 22.04.2024 | 09:13
Фото: zhaikpress.kz

Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

22 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4 400 метр болатын су тасқыны болды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автокөлік жолында (ұзындығы – 552 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарға 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама