×

БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асты

Орал қаласына қауіп жоқ

 Халық үні 22.04.2024 | 07:22
фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар депарматенті өңірдегі су тасқыны жөнінде ақпарат берді – Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейден 7 см асты, бірақ Оралға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде хабарланды.

БҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, саяжай тұрғындарын алдын ала ескерту жұмыстары жүргізіліп, барлығы қауіпсіз жерге шығарылды, делінген Орталық коммуникациялар қызметінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратта.

Су көтерілгенде саяжайды күзетеміз деп қайтып барған азаматтар бар екені анықталды. Құтқару жұмыстары жүргізіліп, су басқан саяжайлардан адамдар шығарылды. Стеновик, 1, 2, 3-саяжайларда су деңгейі көтеріліп, авариялық құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 тікұшақ, 10 қайық, жеке құрамнан 230 жуық адам тартылды. Осы жұмыстардың арқасында Орал қаласына қауіп жоқ, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов эвакуациялаудан бас тартқан азаматтар мәжбүрлі түрде эвакуацияланатынын атап өтті.

10 эвакуациялық пункте 2360 адам орналасқан, әлі 2786 адамға орын бар. Онда барлық жағдай жасалған, - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама