Halyq Uni логотип
×

Павлодар тұрғыны зайыбын жол үстінде босандырып алды

Салмағы 3,5 килограмм, бойы 52 см нәресте дүниеге келді

 Халық үні 21.04.2024 | 22:50
Павлодар тұрғыны зайыбын жол үстінде босандырып алды
Фото: pexels

Оған 103 операторының диспетчері телефон арқылы ақыл-кеңес беріп тұрған. 35 жасар ана аман-есен босанып, кейін облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді.

Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады.

«21 сәуір күні таңғы сағат 6-лар шамасында 103 операторына ер адам хабарласқан. Ол Береговое ауылынан көлікпен шығып әйелін перзентханаға апара жатқанын, алайда жолда жұбайының суы кетіп, толғағы басталып кеткенін жеткізген. Дичпетчер сол мезетте оған жедел жәрдем бригадасын аттандырып, өзі ер адамға қалай босандырудың әдіс-амалын телефон арқылы түсіндірген. Жедел жәрдем қызметі соңғы жылдары нәтижелі қолданып жүрген «қоңырауды ұстап тұру» әдісінің арқасында күйеуі әйелін жол үстінде аман-есен босандырып алды. Салмағы 3,5 килограмм, бойы 52 см нәресте дүниеге келді» деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Медициналық бригада әйелді облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. 

Өңірлік жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары Ольга Вербовая жыл басынан бері жедел жәрдем операторларының көмегімен 8 ана үйде немесе жол үстінде босанғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама