×

ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Министрлік су тасқыны кезінде мұқият болуға шақырды

 Халық үні 21.04.2024 | 21:37
фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері су тасқыны кезінде қандай қауіпсіздік шаралары барын айтты. Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ТЖМ өкілдері ел тұрғындарын су тасқыны кезінде мұқият болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;

киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;

электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар;

эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер; балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Сондай-ақ құтқарушылар азаматтардан егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені анықталса, аталған ақпаратты дереу 112 нөміріне немесе жедел желі телефонына жіберуді сұрады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама