Республика бойынша су қоймаларындағы жағдай жарияланды.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша,
- Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100% толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да ернеуіне дейін толды. Өңірде тасқынмен күрес тоқтаған жоқ. Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см төмендеді.
- Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасындағы судың деңгейі 97% толған. Өңірде жағдай тұрақты.
- Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
- Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы бар. Олар шамамен 85% толы.
- Қарағанды облысындағы үш ірі су қоймасындағы су 98% толып тұр. Жағдай тұрақты.
- Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 81% толған.
- Абай облысында Шүлбі су қоймасының 67% толғаны анықталды.