×

Ақтауда ереже бұзған той кортежіне қатысты 17 хаттама толтырылды (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілері мен жолаушылары дереу анықталды

 Еркеғали Болатұлы 21.04.2024 | 13:42
фото: instagram.com/camry_black_aktau

Ақтауда той кортежінің жүргізушілеріне қатысты 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

Айта кетсек, үйлену тойы кортежін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің кадры әлеуметтік желідегі парақшаларда тараған.

Ақтау қалалық ПБ ППБ қызметкерлері көлік жүргізушілері мен жолаушыларын дереу анықтады. Автокөлік жүргізушілері қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау, маневр жасау ережелерін бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Нәтижесінде осы құқық бұзу фактісіне қатысы бар адамдарға 17 хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437, 590, 591, 593, 614, 615-баптары бойынша бірқатар әкімшілік хаттама толтырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама