×

Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылар тізімінен шығып қалды

Ол WBО ұйымының «уақытша» чемпионы болған соң рейтингке кірмеді

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 11:55
фото: prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылардың жаңа рейтингін жариялады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Осы тізімде орта салмақта жетінші болып тұрған Жәнібек Әлімханұлы үздік 15 боксшының қатарынан шығып қалды. Топ-15 рейтингінде оның есімі аталмады. Қолда бар мәліметке қарағанда, ол британиялық Дэнни Дигнумды нокаутпен жеңгеннен кейін WBО ұйымының «уақытша» чемпионы болған соң тізімге кірмеуі мүмкін.

Бұл дивизионда WBA Super белбеуі Геннадий Головкинде бар. Сондықтан Жәнібекке тізімде қалуы үшін «уақытша» чемпиондық атақты емес, чемпионға тиесілі белбеуді тағы да жеңіп алуы керек.

Енді кімнің WBO ұйымының чемпионы болатынын Жәнібек Әлімханұлы мен Деметриус Андрадемен жекпе-жегі көрсетеді. Бұл кездесу жыл соңына дейін болу керек. Сонда осы ұйымның қазіргі чемпионы Андреде қазақ боксшысымен белбеуді қорғайтын болады.

Әлеуметтік желіде Әлімханұлының Топ-15 рейтингісінен шығып қалғанына баланысты жанкүйерлердің пікірі жарияланып жатыр. Комментарийлерде былғары қолғап шеберінің WBО ұйымының «уақытша» чемпионы болса да үзідктер қатарынан шығып қалғанына түсінбестік танытып жатқандар бар. Мысалы, оқырманның арасында «Мұндайда болады екен», «Жәнібек шаршы алаңда жеңсе, үздік боксшы атағына әбден лайық» деген пікірлер жазып жатқандар көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама