×

Қазақстандық пара спортшы ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетті

Ол Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды

 Ая Өміртай 21.04.2024 | 13:01
фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды, деп хабарлады Halyq Uni.

Бүгін қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті.

Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 мың метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, 1-орынға ие болды. 2-орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал 3-орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады. 

Темірхан Дайырбек 2004 жылы Түркістан облысында туған. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке тренері – Фаррух Хамракулов.

Бұл – қазақстандық спортшылардың Париж-2024 Паралимпиада ойындарына ұтып алған 12-лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали және Нұрлан Домбаев алған болатын.

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама