×

Батыс Қазақстан облысының оннан астам елді мекеніне су басу қаупі төніп тұр

Су тасқыны басталғалы бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.

 Халық үні 20.04.2024 | 23:27
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысының оннан астам елді мекеніне су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Осыған байланысты Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және т.б. ауылдарда болды.

Су тасқыны басталғалы бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама