×

«Миллион доллар беремін, маған үйлен деді»: әнші Өктем Алтаев жан сырын ақтарды

Әнші әрқашан отбасын бірінші орынға қойғанын айтады.

 Халық үні 20.04.2024 | 22:47
Фото: YouTube

Әнші, сазгер Өктем Алтаев «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болып, өнері мен отбасы туралы айтып берді.

Әнші өнер құрбандықты талап етсе де, әрқашан отбасын бірінші орынға қойғанын айтады.

«Мен отбасында әкенің рөлі қандай екенін жақсы білемін. Себебі әкесіз өстім. Сол себепті балаларымның алдында көбірек болуды таңдадым. Әлі күнге дейін екі таңдау тұрса, бірінші отбасымды таңдаймын. Балаларым әкелерінің бар екенін сезініп өсуі тиіс деп ойладым. Өнер – ауыр жол. Жұрттың көзі, сөзі болады, адамды азғыратын адамдар болды. Ақша жүрген жер жақсы емес негізі. Маған «Саған миллион доллар беремін, маған үйлен, некемізді қидырайық» деген адамдар болды. Ал мен әрқашан отбасымды таңдадым»,- деді әнші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама