Дзюдодан АЧ: Қазақстан командасы қола жүлдеге күш сынасады
Ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов ширек финалда жеңіліп қалды
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.
Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді.
Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады.
Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны бойынша жеңіліп қалды.