×

Қазақстандықтар тілді дамытуға қосқан үлесі үшін жаңа төсбелгімен марапатталады

Тұлғаларды анықтау үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылады

 Динара Амантай 02.06.2022 | 11:51
Фото: Halyq Uni

БҒМ Тіл саясаты комитеті «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» жаңа төсбелгісін бекітуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады. Оны министрліктің салалық көтермелеу жүйесіне қосу жоспарланған.

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен тілдерді дамыту саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер, тіл саясатын дамытуға ерекше үлес қосқан және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқан азаматтар марапатталады, – делінген құжатта.

Осы мақсатта әр облыста тіл саясатын дамытуға және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін материалдарды тапсыратын жұмыс комиссиясы құрылады. Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне, кәсіби мереке – Қазақстан халқы тілдері күніне орай әрбір күнтізбелік жылдың 15 маусымынан кешіктірмей, тиісті ұйымдар (органдар) жұмыс комиссиясының жұмыс органына «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен көтермелеумен марапаттауға үміткер туралы ұсыныс береді.

Білім және ғылым министрлігінде адамдарды төсбелгімен марапаттау туралы ұсыныс жұмыс комиссиясының хаттамасымен күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін берілмек.

Құжат 16 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама