×

42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді

Бұған дейін спорттық гимнастикадан жолдаманы Милад Карими көпсайыстын жеңіп алған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2024 | 11:44
Фото: Сали Сабиров

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. 

Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен аяқтады. Ал Олимпиада жолдамасы бірінші және екінші орын алған спортшыларға беріледі. Бірінші орынды 85 ұпай жинаған иорданиялық гимнаст иеленді. 

Бас жаттықтырушы Александр Кимның айтуынша,Нариман Курбановтың Олимпиадаға жолдама алғаны құраманы қуантып отыр. Ол Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша екінші орынан көрінді.

Осы жарыста қола медаль иеленген ирландиялық Риз Маккленаган Олимпиада жолдамасын алып қойған. Сондықтан, Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орынға берілетін 20 ұпай Нариман Курбановтың еншісіне жазылды. Осылайша, ол 70 ұпаймен Парижге жолдама алды. 

Иә, орындау кезінде аздаған кемшілік болды. Бірақ Олимпиадаға дейін мұның бәрін реттеуге тырысамыз. Нариман жүлдегерлер қатарына қосыла алмады. Десе де, ол спорттық гимнастикадан әлемдік элита қатарына сенімді түрде енеді, – деді Александр Ким. 

Бұл – спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы жеңіп алған екінші лицензия. Бұған дейін Милад Карими көпсайыстын жолдама жеңіп алған болатын. 

Кеше еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) чемпион атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінш сатыдан кқрінді. Күміс медальді Люк Уайтхаус (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) жеңіп алды.

Бүгін Милад Карими қоссырық пен керме жаттығуының финалында бақ сынайды.

Қазір Қазақстанда спорттың 14 спорт 42 лицензия бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама