Ақтөбеде монополист ұйым 45 кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген
Антикор бизнес субъектілерінің құқығын қорғады
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 45 кәсіпкер «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның негізсіз әрекеттері бойынша шағымданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Монополист кәсіпкерлерге тұрақты негізде жылына 27,3 млн теңге төлей отырып, электр қондырғыларын бірлесіп пайдалануға шарт жасасу туралы заңсыз хабарлама жіберген.
Хабарламаны биыл 10 қаңтарда жіберіп, 1 ақпанға дейін орындауды көрсеткен. Бұдан басқа, шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмеген. Сондай-ақ, монополист хабарламада талаптарды орындамаған жағдайда электр энергиясын тұтынушыларға беру тоқтатылатынын айтқан.
Осы шарттан түскен ақыға монополист электр желілерді жөндеуді жоспарлаған.
Департаменттің араласуымен мүдделі тұлғалардың қатысуымен жиын өткізіліп, нәтижесінде кәсіпкерлерге жолданған заңсыз хабарламалар кері қайтарылды.
Осылайша, бизнес субъектілерінің құқығы қорғалды.