Halyq Uni логотип
×

20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады

 Халық үні 20.04.2024 | 07:33
20 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: report.az

Синоптиктер 20 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады.

Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама