×

Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 922 573 доллар

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2024 | 17:59
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.

¼ финалда теннисшіміз 2 сағат 10 минутқа соқылған аса тартысты ойында италиялық Ясмина Паолиниді 2:1 (6:3, 5:7, 6:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Польшаның өкілі Иго Швентек пен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукананың арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 доллар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама