Ұлттық компанияның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Ақмола көлік прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге елдің теміржол вокзалдарында үй-жайлар мен коммерциялық алаңдарды жалға беру кезінде баға саясатындағы бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау органының назарына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған 923 шарт бойынша жалдау құнын 20%-ға арттыру туралы шешім қабылдау фактісі түсті. Жалға беруші мұны пандемия кезінде және бизнесмендерге жеңілдіктермен келтірілген шығындарды өтеу қажеттілігімен негіздеді.
Прокуратура осындай жағдайдың кәсіпкерлік және теміржол көлігі туралы заңнаманың базалық қағидаттарына қайшы келетінін анықтаған.
Осылайша, бірдей жағдайларда жалға алу төлемдерінің әртүрлі тарифтері қолданылып, бұл вокзал шаруашылығының жалға алынған объектілеріне қол жеткізу үшін кәсіпкерлерге қатысты кемсітушілігін көрсеткен. Осыған байланысты, Ақмола көлік прокуратурасының наразылығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жалдау төлемдерін күрт арттыру туралы заңсыз шешімі жойылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Ұлттық компанияның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.