Жағдайды әуеден «Қазавиаорманқорғаудың» «Ми-2» тікұшағы бақылап жүр
Семейде мамандар ормандағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Биыл 1 маусымда «Семей орманы» МОТР аумағы Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шықты. Оны сөндіруге ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды: 399 маман және 85 техника. Бүгінде олар өртпен арпалысып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен, қазір Семей қаласында өрт қауіптілігінің 5 дәрежесі жарияланды. Жағдайды әуеден «Қазавиаорманқорғаудың» «Ми-2» тікұшағы бақылап жүр.