×

Олимпиада-2024: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден тағы екі жолдама алды

Бүгін спортшылар алты лицензияға ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2024 | 13:17
Фото: Сали Сабиров

Байдарка мен каноэде есуден Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы екі лицензияны жеңіп алды.

Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға ие болды. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі. 

Осылайша, ескек есушілер Париж Олимпиадасының тағы екі жолдаманы қоржынға салды. Бұған дейін Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров лицензия иегері атанған еді. Содан кейін байдарка мен каноэде есуден Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды. Ескек есушілер екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасына иелік етті. 

Сөйтіп, бүгін ескек есушілер Олимпиадаға осымен алты лицензияны алып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама