×

Биыл жазда өрт қаупі жоғары болады - Қазгидромет

Алдағы уақытта деректер тағы нақтыланады

 Дәурен Ерболат 19.04.2024 | 12:42
фото: imghub.ru

2024 жылғы жаздың 3 айында Қазақстанда өрт қаупі жоғары болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, алдағы айда елімізде ауа райы ыстық болады. 

Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, мамыр және маусымда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °С жоғары болады. Ал шілде және тамызда температура норма шамасында болады деген болжам бар. Мамырда және жазда жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және одан аз болады, - деді Жұлдыз Исабекова. 

Маман ұзақ мерзімді ауа райы болжамы талданғанын, нәтижесінде биыл жазда өрт қаупі жоғары болады деген қорытынды шығарылғанын жеткізді.

 2024 жылғы мамырда жыл аналогы 2001 жыл, жаз үшін жыл аналогы 1994 жыл болып таңдалды. Биыл мамыр мен жазға арналған консультативті ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады.

Жазға және өрт қаупіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжаммен нақтыланады. Жоғары және төтенше өрт қаупі болған жағдайда дабылды ескерту жарияланады», - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама