×

Семейде жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйел ұсталды

Оның бостандығы шектелді

 Дәурен Ерболат 19.04.2024 | 11:45
Фото: polisia.kz

Семейде полиция жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырып, тұтынушыларға «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынған. Әр тапсырыстан «пысық» зейнеткер орташа есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

Бірақ оның бизнесі ұзаққа созылмады. Жақында «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері саунадағы «қызметті» тоқтатты. Нысанды тінту барысында полиция қолма-қол ақша мен басқа да заттай дәлелдерді тәркіледі. Жеңгетай мен 9 жезөкше жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Олардың арасында 3 қазақсандық, 6 Өзбекстан азаматы болған. Барлығы есепке алынды.

62 жастағы әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша («Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау») сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Соттың үкімімен зейнеткердің бас бостандығы 2 жыл 6 айға шектелді. Ол Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық есебіне алынды.

Жеңгетайлықпен айналысқан әйел пробация шартын бұзса, бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама