×

Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі

Бүгінде бұл сала мамандарын еліміздің 5 колледжі даярлайды

 Динара Амантай 19.04.2024 | 10:45
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде бұл бағытта еліміздің 4 макроөңірі таңдалған. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады.

2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация» және «Гидротехникалық құрылыс» және т.б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр.

Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз, – деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кетсек, бүгінде су саласының мамандарын еліміздің 5 колледжі даярлайды. И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама